Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл
Бүгін "Батыр бабалар мемориалды" музейі Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай мектебімізде "Хан батыр -Қабанбай" тақырыбында музейлік дәріс пен "Ер қаруы- бес қару" түрлерінен музей коллекциясы қорынан жылжымалы көрме өткізді. Дәріс барысында Абылай хан тұсында, яғни ХYІІІ ғасырда жоңғарларға қарсы күресте жанқиярлықпен ел қорғаған Қаракерей Қабанбай батырдың жауынгерлік ерлігі мен қаһарман қолбасшының өмірі жайлы оқушыларға ақпарат берілді.