«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Қапал батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
51-5-39
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2020

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз – Халықаралық   әйелдер күнін мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында 1 Май орта мектебінде өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Мереке қарсаңында мектеп дәлізі «Ана-деген тіршіліктің тірегі» тақырыбында шығарылған қабырға газеттерімен безендірілді. 1-11 сыныптар арасында  «Дүниедегі ең қымбат адам-Ана! » тақырыбында  ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 

4.03.20 күні 3 «Ә» сыныбында «Қыздар көктем гүлі» атты қыз сынын өткізілді. Қыздар би билеп, өнерлерін көрсетіп, аналарымен бірге   қолөнер бұйымдарын жасап шеберліктерін де, өнерлерін, білімдерін көрсете білді. Байқауда қойылған талаптарды жоғары деңгейде көрсете білген 3 «Ә» сынып оқушысы Қазбек Інжу  «Бас жүлдені» жеңіп алды. Әсемдігі, сұлулығымен  Бейсенбек Айша «Көрермендердің көзайымы»  жүлдесіне ие болды. 

  «Қыздар көктем гүлі» қыз сынының  тәрбиелік мәні зор, әсерлі, қызықты өтті.

 06.03.20 күні 2 «Б» сынып жетекшісі Н.Сатова «Әнімді анама арнаймын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мерекеге аналар шақырылып, оқушылар аналарына деген жылы лебіздерін білдіріп, арнайы дайындаған сыйлықтарын сыйлады.  

 6.03.20 күні  10 сыныптардың ұйымдастыруымен «Сыйынар-ем ,ана деген тәңірге» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектебіміздің жігіттері ұйымдастырған бұл іс-шара барлығының көңілінен шықты. Жақсы тілектер айтылып, қыздарға гүл шоқтары сыйға тартылды.  Жас ұлан тобы мен еріктілер ұйымының мүшелері ардагер ұстаздарды үйлеріне барып құттықтады. 8 Наурыз – Халықаралық  әйелдер күніне арналған іс-шараларға оқушылар толық қатысып, жан-жақты ұйымдастырылып өткізілді.