«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Қапал батыр атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
51-5-39
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2020

Хабарландыру!

Құрметті ата аналар! Елімізде пандемия кезеңі екені бәріңізге мәлім.Ағымдағы оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Қәзіргі уақытта мектеп ұжымы оқушыларды қашықтан оқыту бойынша ақпараттық ресурстарды дайындау үстінде. Еліміздің басына дүрбелең сағаттар туған кезеңде, қиын сәтте сіздер де мектеп ұжымына қолдау көрсетіп, балалардың дұрыс білім алуына өз үлестеріңізді қосасыздар деген үміттеміз. Қашықтықтан оқыту технологиясы мұғалім үшін де, оқушы үшін де таныс емес жағдай. Сондықтан бар ынта жігерлеріңізді, төзім мен шыдамдылықтарыңызды танытып, балаңыз үшін ақпараттық ресурстардың қолжетімді етуге шақырымыз."Балапан" арнасынан арнайы бекітілген кесте арқылы оқушылар негізгі пәндерден қосымша білім ала алады. Кестесін қоса жариялаймыз. Кері байланыс пен тапсырмаларды, түсінбеген сұрақтар әр пән мұғалімі құрған арнайы чаттар арқылы ала аласыздар. Сынып жетекшісімен тығыз байланыста болыңыздар! Баршамызға осы бір қиын кезеңде жұмысымызға сәттілік тілейміз! Амандықпен мектеп қабырғасында кездесуді асыға күтеміз!